Қазіргі таңда «Дефиле» сауда маркасы — Шымкент қаласындағы ең табысты да танымал сауда маркаларының бірі. Ыңғайлы орналасқан супер-танымал сәнді киімдер дүкендері қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын әселі шопинг жасауға шақырады.

Көп жыл бұрын…

Барлығы 1996-жылы Шымкент қаласындағы “Караван” базарында сауда палаткасын ашудан басталған. Ол уақытта біздің қала халқында сапалы әрі сәнді киім түрлерін қолжетімді бағаға сатып алатын мүмкіндігі болмаған. Нарық күмәнді сапалы әрі одан да нашар сырт көріністі үлгілерге толы болды. Одан кейін журнал беттеріндегіге ұқсас үлгілерге қол жеткізу үшін Алматы қаласына арнайы баруға тура келді. Сол кезде Біздің қала әйелдерін ең әдемі киім үлгілерімен киіндіруге, жоғарғы сапа мен эстетикалық рахат ала отырып, өздерінің қайталанбас бейнесін қаладан шықпай-ақ қалыптастыруға мүмкіндік беру идеясы пайда болды. Содан соң осы идея компания ұстанымына айналып “ең сәндіні киініңіз” деген ұран ретінде тарала бастады.